Дау медиация тәртібімен шешілді

39 Views

Бидің қатысуымен қарыз өндіру туралы дау медиация тәртібімен шешілді.
Сотқа талап қоюшы К-ның жауапкер И-ға 480 000 теңге қарызды өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген.
2023 жылы жауапкер И. талап қоюшы К.-дан 480 000 теңге қарыз ақша алған және ол туралы қолхат ұсынған. Алайда жауапкер бүгінгі күнге дейін қарыз ақшаны толық қайтармаған. Сондықтан талап қоюшы И. жауапкерден қарыз сомасын өндіру туралы сотқа арызданған.
Істі сотта қарауға дайындау барысында судья медиатордың және бидің көмегімен тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы сотқа дейінгі хаттамаларын ұсынып, келісім бекітуді сұраған.
Медиациялық келісімнің шарттары бойынша жауапкер И. талап қоюшы К.-ға 480 000 теңге қарыз сомасын 2023 жылдың мамыр айынан бастап 2026 жылдың қаңтар айына дейін ай сайын 15 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенеді.
Сот азаматтық іс бойынша тараптар арасындағы жасалған медиациялық келісімді бекітті, талап қоюшыға 4800 теңге мемлекеттік баж сомасы қайтарылды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: