Айару үздіктер қатарынан көрінді
43 ViewsЖуырда Алматы қаласында республикалық «Ауыл спорты» ойындары өтті. Бірінші іріктеу кезеңі әр облыста ұйымдастырылып, жарыс спорттың 7 түрінен өтті. Оған 300 ауылдан шамамен 10 000…
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі де осы тамырын әлемге жайған сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесуге бағытталған.
Теледидар және газет журналдарда да бұл тақырыпта мәселе қозғап жүр.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау тікелей адамның өзіне байланысты. Тегін, түбін ойлаған адам ешқашан пара алмайды. Осыны қоғамға түсіндірген абзал.
Қазір көптеген мекемелерде жемқорлықты болдырмау мақсатында түрлі іс-шаралар жұмыстары қолға алынған. Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінде де іс-шаралар жүргізіліп, уәкілетті органдармен жиын өткізіліп, хаттамалар тіркеліп тұрады.
Т.Рысқұлов аудандық Халыққа қызмет
көрсету бөлімі.