Келелі жиын өтті
22 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Адамзатқа керек қажеттіліктің бірі – су. Тіршілік көзі саналатын табиғат бөлшегінің маңыздылығы уақыт өткен сайын артып келеді. Соңғы жылдары су көлемін ұлғайту әрі көбейту мақсатында көптеген бастамалар қолға алынуда. Соның бірі – «Бұлақ көрсең, көзін аш» жобасы. Айта кетейік, жуырда аталмыш жоба аудан әкімі Ернар Есіркеповтің бастамасымен қолға алынған болатын.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов бастаған еріктілер тазалық жұмыстарына белсене қатысты. Олардың қатарын әкімдік және жауапты мекеме қызметкерлерінен бөлек ауыл ақсақалдары мен жастар да толықтырды. Тазалық іс-шарасына 15 ауылдық округтен 522 тұрғын қатысып, 62 техника жұмылдырылды. Акция аясында аудан аумағында орналасқан тау бөктерінің, 18 каналдың, сондай-ақ, елді мекен ішіндегі бұлақтар, 92 шақырымды құрайтын арықтар мен атыздар толығымен тазартылып, абаттандырылды.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» жобасы аудан аумағында алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Жәнібек СҰЛТАН.