Отбасылық мәселелерге ерекше мән берілмек

369 Views

Жуырда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті. Аталмыш көшпелі отырысқа облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, комиссия мүшелері мен ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жуырда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті. Аталмыш көшпелі отырысқа облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, комиссия мүшелері мен ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымдары және БАҚ өкілдері қатысты.
Көшпелі отырыстың күн тәр­тібінде Қазақстан Республи­ка­сында 2030 жылға дейін бекітілген отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасының нысаналы индика­торларына қол жеткізу жөнін­дегі іс-шаралар жоспарының іске асы­рылуы кең көлемде талқы­ланып, атқарыл­ған жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев баяндама жаса­ды.
Жалпы ауданда 67533 адам өмір сүрсе, оның ішінде әйелдер саны – 35319 адам екен. Пайыздық мөлшерлемемен алғанда нәзік жандылар аудан халқының 52,2%-ын құрап отыр. Бұл туралы жиында аудан әкімінің орынбасары Әлібек Мамытжанұлы мәлімдеді. Ол сондай-ақ, өз сөзінде отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, гендерлік теңдікті тұрақтандыру бойынша аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға да кеңінен тоқталды.
– 2022 жылы ерлердің жас ұзақтығы 69,3 жасты, әйел­дердің өмір ұзақтығы 73,2 жас­ты көрсетті. Алшақтық 3,9 жас­ты құрайды. Бұл аудандағы денсаулық саласының жақсарып келе жатқанын айғақтайды. Соңғы жылдары ауданда денсаулық сақтау саласын жабдықтау ісі едәуір ілгері жылжыған.
Сонымен қатар, дене шынық­тыру және спортпен шұғыл­данушылар саны да артып келеді. Бүгінгі таңдағы межеленген көр­сеткіш – 42 пайыз. Ол үшін тиісті жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Соның бірі – елді мекендерді спорт нысандарымен қамту. Дәл қазіргі таңда үш бірдей ауылда спорт ғимараттары бой көтеруде. Олар биылғы жылы қолданысқа берілетін болады.
2022 жылы ауданда 283 отбасы некеге тұрған. Бірақ өкінішке орай ажырасу фактілері де орын алуда. Өткен жылы әкімдік жанынан құрылған «Бастау» тобының жүйелі жұмысының нәтижесінде 8 отбасы қайта қосылды. Бұл бағыт­тағы жұмыстар әрмен қарай да өз жалғасын табатын болады, – деп осы күнге дейін жетістікке жеткен аудандағы үлгілі отбасылар жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, Әлібек Мамытжанұлы 2022 жылы түсік жасатушылардың коэффициенті 11,8 пайызды құра­ғанын айтып, ертежүктілік тақырыбы өзекті мәселеге айналып отырғанын жасырмады. Дегенмен, бұл мәселені шешу үшін нақты жұмыс жоспары түзілгенін, алдағы уақытта қоғамдық институттармен бірлесіп, қарқынды түрде қызмет ететінін жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасары есепті баяндамасын оқып болғаннан кейін аймақ басшысының орынбасары Еркін Құлымбайұлы аудандағы бірнеше проблемаларға тоқталды. Ол жастар арасындағы қылмысты азайту, ертежүктілік, жаз мезгілінде үйірмелердің санын арттыру сынды бағыттағы жұмыстарды жауапты басшылармен талқылап көрді.
– Зерделеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, жастар арасындағы қылмыс жаз мезгілінде күрт өседі екен. Оған соңғы жылдары орын алған оқиғалар айқын дәлел. Сондықтан да әріптестер, біз жаз мезгілінде де үйірмелерді тоқтатпауымыз қажет. Керісінше көбейткеніміз абзал. Бұл балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға жол ашатын болады, – деп Еркін Құлымбайұлы өз ұсынысын жеткізді.
Жиын барысында өзге де мәселелер талқыланды. Мәселен әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы туралы облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары М.Қ.Мұқанов баяндап өтті. Жиын соңында жауапты бөлімдер мен басқармаларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Айта кетейік, облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев жұмыс сапары соңында Құлан агротехникалық жоғары коллед­жінің техникалық базасымен де танысты. Онда ол оқу орнының мүмкіндіктерін жеке бағалап, са­пар барысында қажетті кадрлар даярлау үшін қосымша гранттар бөлу мәселесін де қарастырды.

Жәнібек СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой: