Прокурорлар ел арасында
Облыс прокуратурасының бастамасымен аудандық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан «Сенім маршруты» жобасы бұл жолы Ақыртөбе, Өрнек және Қайыңды ауылдық округтерінде өз жалғасын тапты.
Аталмыш кездесулердің басты мақсаты – шалғай орналасқан ауылдарды аралау арқылы халықпен кездесу, түйіні шешілмей жүрген заң бұзушылықтар бойынша және азаматтардың қайталама арыз-шағымдары негізінде жеке қабылдаулар жүргізу, қылмыстың алдын алу, жүйелік құқық бұзушылықтарды жоюға бағытталған жұмыстарды атқару болып табылады.
Іс-шара барысында аудандық прокуратура қызметкерлері ауыл тұрғындарымен жалпы жиналыс өткізіп, халық үніне құлақ түріп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша да қабылдады.
«Құлан таңы» ақпарат.