Музейдегі қызықты бір түн

405 Views

18 мамыр – халықаралық музей күні. Бұл мереке ресми түрде 1977 жылы Мәскеу қаласындағы халықаралық музейлер кеңесінің XI Бас конференциясында бекітілген. Ал, аталмыш халықаралық мереке елімізде 2006 жылдан бері бастау алып, республика аумағында кең көлемде тойланып жүр.
Жақында осы халықаралық мерекеге орай аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Музейдегі қызықты бір түн» деген тақырыпта ашық есік күнін өткізді. Бұл іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Рүстем Қырықбаев қатысты. Аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Елдар Утембаев музейге келген қонақтарға аталмыш шараның мәні мен мазмұнын түсіндіріп берді. Аудан әкімінің орынбасары Әлібек Мамытжанұлы да осы іс-шарада сөз сөйлеп, жаһандану заманында осындай мәнді іс-шараларды көптеп ұйымдастыру қажеттігін айтты.
«Музейдегі қызықты бір түн» атты іс-шарада қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының, алаш арысы Тұрар Рысқұловтың, Ұлы Отан соғысында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен Әлия Молдағұлованың, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған сыршыл ақын Қуандық Шолақтың бейнелерін мәдениет саласының қызметкерлері шебер сомдай білді. Одан өзге сценарий бойынша жасалған қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдың, егін шаруашылығының және аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сомдаған батырларымыз бен домбырашылырдың бейнелері де жұрт көңілінен шықты.

Өз тілшіміз.

Поделиться ссылкой: