Мемлекеттік инспектор ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

357 Views

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ғали Қуанұлы ауданымызға ат басын бұрып, бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.
Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы ең алдымен Луговой ауылындағы «WEDO ENERGY» ЖШС-нің мұнай базасына барып, аталмыш нысанның бүгінгі тыныс-тіршілігін, атқарып жатқан жұмысын көрді.
Бұдан кейін мемлекеттік инспектор аудан орталығы саналатын Құлан ауылына табан тіреп, «Арай» алқабындағы 5 қабатты 80 пәтерлі тұрғын үйдің және аталған тұрғын үй алқабында бой көтеріп жатқан 300 орындықты орта мектептің құрылыс жұмыстарын көріп, мердігерлермен жеке тілдесті. Сонымен қатар, «Sv Agro» ЖШС-нің 150 гектарлық интенсивті алма бағын көзбен көріп, субсидиялау мәселесін саралады.
Жұмыс сапары соңында Ғали Қуанұлы «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-де болып, агро салада өзіндік орны бар үлкен кәсіпорынның бүгінгі жай-күйімен жақын танысты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: