100-ге жуық адам Әнұранды шырқады
26 ViewsАлтын күн аспаны, Алтын дән даласы. Ерліктің дастаны, Еліме қарашы. Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой. Қайырмасы: Менің елім,…
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің Т.Рысқұлов ауданындағы көшпелі іс-шараларының бағдарламасы негізінде Құлан агротехникалық жоғары колледжінде келелі кездесу өтті. Оған әдеп жөніндегі кеңестің уәкілі Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев қатысты.
Еркін форматта өткен кездесуде Махметғали Нұрғалиұлы жастар саясатына қатысты өзекті мәселелерді қозғап, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларды, грантпен оқу, «Әулиеата жастары» бағдарламасы, кітап оқу мәдениеті туралы өз ойын ортаға салды.
Жастармен тілдескен әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі колледж кітапханасына «Киелі Әулиеата келбеті» авторлық еңбегін табыстады. Колледж студенттері кездесу барысында көкейде жүрген сауалдарын қойып, түрлі бастамалардан туындаған идеяларын ортаға салды.
QT – ақпарат.