Келелі жиын өтті
21 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі келісімшарт бойынша әскери қызметке азаматтарды (жоғары оқу орындарында әскери кафедраны бітірген запастағы офицерлер мен сержанттар арасынан) жинау бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабарлайды.
Кәсіби әскери қызметші мансабын таңдағысы келген 19 жастан 30 жасқа дейінгі барлық ер азаматтарға: Жоғары оқу орындарында әскери кафедраны бітірген запастағы офицерлерге, сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарға (матростарға) Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Құлан ауылы Жібек жолы №126 мекенжайы бойынша хабарласу ұсынылады. Байланыс телефоны: 8 (72631) 2-13-53.
Әскери қызметтің басымдықтары:
1. Лайықты жалақының кепілдендірілген және уақтылы төленуі, 70 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін (әскери атағына, лауазымына, сыныптылығына және т.б қарай). Оның өсуі әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдары мен лауазымдық жағдайына сәйкес қарастырылған.
2. Мемлекет есебінен айлық жалақының 20%-ын зейнеткерлік қорға тұрақты аударулар.
3. Мемлекет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету.
4. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әскери- медициналық мекемелерде мемлекет есебінен медициналық қамтамасыз ету (диагностика, емделу).
5. Белгіленген нормалар бойынша заттай мүліктермен (киім үлгісімен) мемлекет есебінен қамтамасыз ету.
6. Кезекшілік атқарған кезде, далалық нормалар бойынша мемлекет есебінен тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
7. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қашықтығы 100 шақырымнан астам бір елді мекеннен басқасына қоныс аударуға байланысты қызмет бабымен ауысқан кезде оларға әскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қаражат және онымен бірге қоныс аударған әрбір отбасы мүшесіне айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақысы төленеді.
8. Жыл сайынғы негізгі демалысын беру.
Әскери қызметшіге демалыс беру кезінде екі лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төленеді.
9. Жыл сайынғы негізгі демалысынан басқа қосымша демалыстар;
– Оқуға байланысты (жоғары оқу орындарына түсу үшін емтихан тапсыру және келесі сырттай оқу үшін);
– Шығармашылық (ғылым докторы ғылыми дәрежесінің ізденушілері үшін) және т.б.
10. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтетуге құқылы.
Күнтізбелі есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарында әскери қызметшілерге қатысты.
11.Әскери қызметшілердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезектен тыс орындар беру.
Сондай-ақ, әскери қызмет ер адамға:
– Жаңа мамандықтарды игеруге;
– Басшы дағдыларын алуға;
– Өзінің дене даярлығының дәрежесін арттыруға;
– Жаңа әскери техниканы басқаруға;
– Қарудың барлық түрлерін атуға;
– Басқа да жерлерді, елдер мен қалаларды көруге мүмкіндік береді.
Егер мемлекеттік қызметтен немесе әскери қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар болса, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданбайды.
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім.