Игі істің басына – жақсы келер қасына
27 ViewsҚазақта «Игі істің басына – жақсы келер қасына» деген қанатты сөз бар. Ауылымызда қашанда игі бастамаларды қолға алып, көпшіліктің құрмет-қошеметіне ие болып жүрген азаматтар…
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» №36-4 шешімімен сайланған комиссия мүшелерінің өз еріктерімен мерзімінен бұрын комиссия мүшелігінен шығып кетуіне байланысты, төмендегі аталған, яғни, аудандық аумақтық сайлау комиссиясына екі орынға өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер өз тараптарыңыздан 2023 жылдың маусым айының 9-на дейін жоғарыдағы аталған сайлау комиссияларына өз кандидаттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
1. Кандидатты тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органдары отырысының хаттамасынан үзінді.
2. Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарына тіркелгендігі туралы құжаттардың көшірмесін.
3. Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қоса жіберіледі.
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының мекен-жайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі № 75. Байланыс телефондары 2-12-23, 2-12-76. Электрондық пошта: E-mail: masl.t.ryskulova@mail.ru.
аудандық Мәслихат аппараты.