Абайлаңыз, балалар!

251 Views

Жыл басынан бері облыс аумағында балалардың қатысуымен орын алған 77 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 11 бала қаза тауып, 92 бала жараланды. Балалардың ең көп қаза болуы Жамбыл (5), Меркі (3), Қордай және Т.Рысқұлов (1-ден) аудандарында, Тараз (1) қаласында тіркелген.
Осыған байланысты ІІМ-нің 2023 жылға арналған операциялық жос­парын орындау, жазғы демалыстың баста­луы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ, балалардың көшелер мен жол­дардағы қауіпсіз мінез-құлыққа бай­ланысты дағдыларын бекіту мақ­сатында 15-31 мамыр аралығында Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында «Абайлаңыз, бала­лар!» республикалық кең ауқымды же­дел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақ­саты – кәмелетке тол­ма­­ғандардың қатысуымен және олардың кінәсінен болатын жол көлік оқиғаларының алдын алу, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналары арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу, балаларды тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес тексеру, жалпы білім беретін мектептерде жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша сабақтар, дәрістер, ата-аналар жиналыстарын өткізу, сонымен қатар алдағы жазғы демалыс кезеңінде жағдайды тұрақтандыру үшін барлық мүмкін ресурстарды пайдаланып, балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлқын насихаттайтын әлеуметтік роликтерді шығару, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу және анықтау, жолын кесу.
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: