Оба – жұғымтал ауру
Оба көздің, тыныс жолдарының, ас-қорыту мүшелерінің кілегейлі қабығының қабынып, қызуы көтеріліп, теріде бөртпелер пайда болуымен, кейде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен ерекшеленетін жұғымтал ауру.
Ұсақ мал обасы – бұл қойлар мен ешкілердің өте жұқпалы вирустық ауруы. Ол жедел немесе субакуталды түрде жүреді. Ауыз және мұрын қуыстарының шарышты қабаттарының жаралы зақымдануымен, каньюктивтімен, геморрагиялық гастроэнтеритімен, лимфойодтық жүйенің зақымдануымен және пневмонияның дамуымен сипатталады.
Инфекция қоздырғышының қайнар көзі – ауру қой, ешкілер, т.б жұп тұяқтылар . Олар каньюктивалы сілекеймен көз жасы, мұрын ағындылары, жөтелгенде сілекейлі шырыш, іші өткенде секреттермен қоршаған ортаға бөлінген вирус болып табылады. Мал өлексесі, сойылған мал еті вирус таралуына аса қауіп төндіреді.
Жыртқыш, ит, обамен ауырған мал өлексесін жеген құстар қоздырушыны механикалық тасымалдауы мүмкін. Вирус аэрогенді жолмен де, алиментарлы жолмен де қора-жай құралдары арқылы тікелей жұғады.
Аурудың клиникалық белгілері – инкубациялық кезеңі әдетте 3-4 күн, кейде 4-10 күнге дейін созылуы мүмкін. Жедел ағымда ауру дене қызуының 41-42 градусқа дейін көтерілуімен, малдың мазасыздануымен басталады. Содан кейін тәбеттің нашарлауы немесе жоғалуы, мұрын айналасының құрғауы мен шырышты қабаттары қабынады. Тыныс алуы қиындап, пневмония пайда болады. Аурудың 5-10 күнінде мал өледі.
Ауру малдарға ем қолданылмайды. Бұрын қолайлы аймақта ауру байқалса, дереу карантинге жабылып, тәуліктік пост беріліп, барлық бейімді жануарларды жоятын. Өлексе, тері, тезекті өртейді. Қолайсыз пункт орындары территорияларын дезинфекция жасайды. Мал өлгеннен кейін 21 күннен соң тасымалдауға рұқсат етіледі. Қорыта айтқанда, оба жануарлар үшін де, адамзат үшін де аса қауіпті дерт. Соның ішінде қой-ешкі обасының келтірер зияны өте көп. Ол тек мал ағзасын зақымдап қана қоймай, қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді. Ешкі мен қой шаруашылығына да келтірер залалы өте үлкен. Осындай шығындарға ұшырамас үшін аурудың алдын алу шараларын қатаң қадағалап тұру маңызды іс болып табылады. Сондықтан тиесілі шараларды уақтылы орындап, аурудың таралып кетуінен сақтануымыз қажет.
Т.Рысқұлов аудандық
ветеринариялық станциясы.