Игі істің басына – жақсы келер қасына
27 ViewsҚазақта «Игі істің басына – жақсы келер қасына» деген қанатты сөз бар. Ауылымызда қашанда игі бастамаларды қолға алып, көпшіліктің құрмет-қошеметіне ие болып жүрген азаматтар…
Жеке тұлғаға eGov.kz порталында басқа адамның атына оның келісімімен электрондық анықтама алуға болады. Бұл процесс қалай өтеді?
Мүдделі тұлға (мысалы, жұмыс беруші) порталға кіріп, «Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі» бөлімін таңдап, анықтамасы қажет болатын адамның ЖСН-ын енгізіп, қажетті анықтаманы таңдайды. Егер азамат азаматтардың мобильдік деректер қорында (МДҚ) тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтаманың қажетті түрін таңдап, сұрау салып, SMS арқылы растайды.
Бұдан кейін азаматқа порталдың Жеке кабинеті мен SMS хабарлама арқылы 2 сағат ішінде анықтаманы алуға рұқсат беру немесе бермеу жөнінде хабарлама жіберіледі. Азамат анықтама алуға рұқсат берген жағдайда мүдделі тұлғаның Жеке кабинетіне сұралған анықтама келеді.
Ескерту: егер азаматтың атына анықтаманы алуға заңды тұлға немесе мемлекеттік орган сұраныс жасаса, олар оны өзінің ЭЦП-сымен растау қажет.
аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.