Тәрбиенің өзегі – балабақшадан басталады
14 Views«Театр – киімілгіштен басталады» деген сөз бар. Сол секілді бала тәрбиелеу ісінің алғышарты да балабақшадан басталатыны сөзсіз. Осы ұғымды мақсат еткен аудандық аналар кеңесі…
Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз
мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауынан елімізде жақсылық бастау алып, жүзеге асырылады. Сондықтан бұл сәтті күткен әрбір адам оның тарихи мәнін терең түсініп, оң қадамдар жасалатынын біледі. Биылғы Жолдау Тәуелсіздік алғалы 27 жылдың ішінде Қазақстанды дамыту бағытында қандай батыл қадамдар жасалғанын, ынтымағы жарасқан елдің ырысы артқанын көрсетіп, көкейдегі көп сұрақтың жауабын айқындап берді.
Елбасы 1 қаңтардан бастап еліміздегі ең төменгі жалақы 1,5 есе өсіп, 28-ден 42 мың теңгеге артатынын айтты. Бұл – қоғамның әлеуетіне игіліктер әкелетін мәселенің бірі. Сонымен қатар, Жолдауда адал еңбекке ұмтылу, жаңа заманның технологиялық талаптары, билік қызметінің тиімділігін арттыру, мемлекет қаржысына ұқыптылықпен қарау, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету, білім саласындағы өзекті мәселелерді түпкілікті шешу, ауыл шаруашылығы саласына бетбұрыс әкелу секілді ел экономикасын көтеруге серпін әкелетін мәселелер көтеріліп, билікке нақты әрі қатаң тапсырмалар берілді.
Берілген бұл тапсырмалардың жобаларын жыл соңына дейін жасап, тиісті бағдарлама ұсынып, келер жылдың басынан оны орындауға кірісу тапсырылды. Әрине, осы тапсырмаларды жұмылған жұдырықтай бірлікпен жүзеге асырсақ, нәтижесін де көретін боламыз.
«Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы.
«Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз.
Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес.
Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды.
Мен әрбір Жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін.
Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту» — дей келе, Елбасы еліміздің бағындыратын биіктерінің әлі алда екенін айтты.
Ия, осы ұстанымнан таймасақ, алда әлі жаңа мүмкіндіктер туатыны, жарқын болашақтың есігі айқара ашылатыны анық. Осы елдік мақсат – мұраттарды жаңа биікке көтеруде бастауыш партия ұйымының мүшелері де белсенділік танытатынына сенемін.
С.СӘЛІМБАЕВ,
«Таза Су-2014» мекемесінің басшысы,
«Пошта» бастауыш партия ұйымының төрағасы.