Қоғамдық қабылдау өткізді
38 ViewsӨткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қоғамдық қабылдауға тұрғындар жайылымдық жер, баспана, көгілдір отын тарту, ауылішілік көше…
ҚЫМБАТТЫ БАЛАЛАР!
Сіздер дамыған, байтақ елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыздар. Бұған елімізде барлық мүмкіндік бар. Жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалып жатыр. Сондықтан да, Сіздер, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек.
Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарыңыз Отанның адал азаматы болуға жетелесін. Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңыздар!
Жүздеріңізден қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, ал жүректеріңізге тек мейірім мен шапағат ұяласын. Әр уақытта аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңызға тілектеспіз!
Аудан әкімі Е.Есіркепов.
Аудандық мәслихат төрағасы Е.Әбутәліпов.