Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде кеше осындай тақырыпта ілкімді іс-шара өтті. Жасыратын несі бар, кеше аудандық мәдениет үйінің ауласында керемет атмосфера болды. Көрме ұйымдастырылды. Сосын балалар арасында сурет салудан байқау өтті. Сурет салып жатқан балалардың картинасын өз көзімізбен көрдік. Талантты балалар өсіп келе жатыр екен.
Содан соң іс-шара Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің ішінде жалғасын тапты. Мұнда балалардың өнерін тамашаладық. Алдымен «Әдемі-ау» халықтық ән-би ансамблінің қыздары «Қазақ», «Ақбота» бөбекжай-бақшасының кішкентай тәрбиеленушілері «Буратино», балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері «Қазақ» билін билесе, «Жалын» триосы «Тәуелсіз елім», «Жас талант» квартеті «Қазағым», Күлімкөз Пірімқұлова мен Мерей Пірімқұлова «Ана мен қыз», «Бибі» вокалдық ансамблі «Мереке», Айкен Асан «Ертегілер», «Әдемі-ау» халықтық ән-би ансамблінің қыздары «Бақыт деген сенің бала күндерің», «Жас қанат» квинтеті «Біз бақытты баламыз» әндерін орындап, залда отырған балалар мен олардың ата-аналарының ыстық ықыласына кенелді.
Назира Тоғанбай,
Марат Жолдасбекұлы.