Суреттер сөйлейді
Хақім Абайдың «Қолдағыңды қорғап бақ» деген сөзі бар. Қорағаты орта мектебіндегі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жорабек Ануарбекұлы осы сөзді жұқамыр жүрекке мықтап сақтаған ұстаздардың бірі. Ол біздің қолымызға көпшілікке беймәлім деректі ұстатты. Сол үшін де алғыс білдіріп өтсек дейміз Жорабек ағайға. Мысалы, жоғарыда сөз еткен Лев Давыдовичтің өмірбаяны туралы нақты құжаттар жоқтың қасы. Ұлағатты ұстаз ең алғашқы совхоз директорының фотосуретін тауып, көзінің қарашығындай сақтап жүр екен. Тіпті, кеңшарға салынған алғашқы үйдің суретін де көрсетті. Бұл дегеніңіз – ғажап қой. Мұны өскелең ұрпақ міндетті түрде білуге тиісті.Осы мақсатпен тарихи қос фотшежірені газет бетіне жариялап отырмыз.