Аудан тұрғындарының назарына!
Ағымдағы жылдың 8-9 маусым аралығында аудан аумағындағы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және олардың жолын кесу үшін Жамбыл облысы ПД Криминалдық полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармаларының, ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы, Патрульдік полиция батальонының, Жамбыл, Меркі және Байзақ ауданының полиция бөлімдерінің қызметкерлерінің қатысуымен «Құқықтық тәртіп» атты жедел-профилактикалық іс-шарасының өтетіндігі туралы хабарлаймыз.
Іс-шараның басты мақсаты – аудан аумағында қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұратын адамдарды тексеру. Сондай-ақ, саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстауларды және басқа да шалғай жерлерді, оның ішінде азаматтарды заңсыз еңбекке пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысында тексеру жүргізу көзделеді. Одан бөлек аталмыш акция аясында қылмыстардың «ізін суытпай», бұрын-соңды жасалған қылмыстарды ашу және оларды анықтау, жол жүру қағидаларын өрескел бұзған жандарға тиісті шара қолдану жұмыстары жүргізілетін болады.
Аудандық полиция бөлімі.