Білім жетілдіру – кәсіби кемелдену

212 Views

Білім сапасы – мұғалім қызметінің нәтижесі. Осы сапаға қол жеткізу үшін біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру мақсатында Тұрар Рысқұлов ауданындағы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің базасында «Өрлеу БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен инфор­­матика пәнінің мұғалім­деріне арналған «5-9 сыныптардағы информатика пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында 80 сағат­тық біліктілік арттыру курсы өтуде.
Тренер Избасаров Ербол Хусаинұлы оқу сабақтары кезінде инновация­лық педагоги­калық технологияларды және тыңдаушылардың оқыту нәтижелеріне қол жеткізуі үшін тренерлік құралдарды тиімді пайдаланып, пәндік құзыреттіліктерін дамыту бойынша құнды ақпарат беруде. Курс барысында тыңдаушылар білім берудің функционалдық сауаттылығын, сабақ барысында кездесетін есептерді, тесттегі күрделі есептерді Python бағдарламасымен шығаруды, сабақ барысында Jambord, classtools.net, mentimetеr.com, wooclap.com платформаларында кері байланысты тиімді пайдалана білді.
Педагогтардың кәсіби даярлығын арттыру, өз істерін жоспарлау, ұйымдастыру шеберлігін шыңдауға дәріс беруде курс кураторының еңбегі зор.
Курстық оқытудың барлық қатысушыларына жемісті жұмыс және жоғары нәтижелеріне қол жеткізуді тілейміз.
Алдағы уақытта осындай орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларға жиі ұйымдастырылып отырса деген тілегіміз бар.

Жібек Қасенова,
Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі.

Поделиться ссылкой: