Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Мемлекеттік қызмет –жауапкершілікті аса қажет ететін, жоғары деңгейдегі, ең сапалы қызметтің бірден-бір үлгісі. Қоғамның қажеттілігін өңдейтін ұлтжанды, отансүйгіш азаматтардың атқаруымен жүзеге асатын қызмет. Сондықтан әрбір қызметкердің бойынан ұқыптылық, әділдік, адамгершілік, кәсіби білім мен жаңашылдық табылуы тиіс. Әсіресе, өзіне деген құрмет, жұмысына деген махаббат пен халқына деген сүйіспеншілік – ең бірінші қажеттілік. Себебі, мемлекеттің өсу деңгейі мен ел қамын ойлаған жұмысшы еңбегінің нәтижелі болатыны сөзсіз. Біз қызмет көрсетіп отырған кішігірім әріптестер қауымына қойылатын талап та осындай. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде: «Мемлекеттік қызмет дегеніміз– жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз» деп бекер айтпады. Сапалы қызмет көрсетілуі үшін қызметкерге артылатын міндет те едәуір мықты болуы шарт. Халық алдында абыроймен адал еңбек еткенде ғана, экономикалық тұрғыдан ғана емес, адами тұрғыдан да өсу болады. Мемлекеттік қызметтің құндылығын түсінгенде ғана әрдайым жаңашыл өзгеріс болады. Әр қызметкер саналы түрде осы ережені ұғынғанда ғана халықтың да тарапынан үлкен сенім болады. Ал сенім болған жерде міндетті түрде ашықтық болады. Біз қызмет көрсететін статистика саласында халыққа шынайы ақпарат беру –басты міндет. Себебі «Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек», – деген Президентіміздің сөзі біз үшін нақты бағыт болды. Біздің басқармадағы әрбір қызметкер Т.Рысқұлов ауданының тумасы, тұрғыны. Сондықтан, өз өлкеміздің әділетті өсіп-өркендеуі, дамуы үшін патриоттық сезіммен, барынша аянбай, адал қызмет етудеміз. Өйткені, туған жерге деген құрмет өзіңнен басталатынын бір сәт те естен шығарған емеспіз. Дәл осы қағиданы қатаң ұстап, ұлтжандылықпен ел қамы үшін қызмет етіп жүрген әрбір әріптесімізге алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.
Б.Пірімқұлов,
аудандық статистика басқармасының басшысы.