Жылжымайтын мүлікті тіркеудің тың әдісі
Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен кезден бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. Ал нотариат куәландырған мәмілені жасау үшін мемлекеттік тіркеуден өткен жағдайда, мемлекеттік тіркеу өтініш берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасы алынады. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік бажды төлеу жеке тұлғалар үшін 8500 теңге, заңды тұлғалар үшін 12500 теңге.
Құжаттар тізімі: келісімшарт, төлемді растайтын құжат. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша тіркеуші орган – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырады.
Аудандық
халыққа қызмет көрсету бөлімі.