Сібір жарасынан сақтанайық!

185 Views

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Т.Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы Жамбыл облысының Талас және Жуалы аудандарында адам және жануарларға ортақ аса қауіпті сібір жарасы ауруы тіркелгенін хабарлайды.
Аудандағы ет сататын базарлар, дүкендер және ауыл шаруашылығы жануарларын сататын мал базарлар да Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, күнделікті бақылау қазіргі орын алған жағдайға байланысты ерекше күшейтілді.
Осыған байланысты, аудан аумағында сібір жарасы ауруының алдын алу және эпизоотиялық жағдайды тұрақты сақтау мақсатында төмендегідей іс-шаралардың орындалуын қатаң тапсырады:
Біріншіден, ет және ет өнімдері, сүт, балық, жұмыртқа, құс еті өнімдері заңда белгіленген тәртіппен күнделікті ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізілгеннен кейін ғана саудаға шығаруға жол беріледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларының еттері № 2 үлгідегі ветеринариялық анықтамамен арнайы жабдықталған автокөлікпен сауда орнына тасымалданып әкелінуі тиіс. Ал тірі жануарлар болса № 1 үлгідегі ветеринариялық анықтамамен тасымалданады.
Екіншіден, мал иелері жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы және бiрнеше жануарлар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы тиісті ауылдық округтің ветеринариялық мамандарына хабарлау және ветеринариялық мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолданылсын.
Осы жоғарыда көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеміз.

А.Утебаев,
ҚР АШМ ВБҚК Т.Рысқұлов
аудандық аумақтық инспекция басшысы.

Поделиться ссылкой: