Кеңейтілген отырыс өтті
11 ViewsКеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа Жамбыл…
Апат ешқашан айтып келмейді. Оның мысалын алысқа бармай-ақ, ауданымызда биыл орын алған жағдайды айтсақ жеткілікті болары сөзсіз. Жыл басында ауа райы кенеттен жылынып, еріген қар жерге сіңбей, салдарынан сел жүрген болатын. Халықтың дүрліккені де рас. Өйтетін де жөні бар. Дегенмен, атқарушы билік өкілдері дер кезінде тиісті шаралар қабылдап, абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Сөз басын «Апат айтып келмейді» деп бастауымыздың себебі сондықтан.
Өткен аптада ауданымызда «Сел – 2023» атты командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Бұл жиын облыстық масштабта өткізілді. Сондықтан бұл оқу-жаттығу жиынына аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы филиалының басшысы Сұлтан Ақбердиев, Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бахыт Сахатов және Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Жабағы қатысты.
Келген қонақтар алдымен аудан орталығына қойылған техникалардың дайындығын пысықтап көрді. Содан соң жиын аудан әкімінің кіші мәжіліс залында жалғасын тапты. Жиын барысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жауапты маманы Нұржан Тілеубердиев, Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бахыт Сахатов, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Жабағы, аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Жасұлан Өмірқұлов, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалы Құлан өндіріс бөлімшесінің басшысы Бекмырза Шалданбаев баяндама жасады. «Сел қаупі туындаған кезде мамандар қандай қарекет ету керек?». Міне, осы мәселенің барлығы аталмыш жиында егжей-тегжейлі талқыланып, қажетті кеңестер айтылды.
Марат Диханбай.