Өрт – тілсіз жау

192 Views

Әрбір ауыл тұрғыны жаз бойы маңдай терін төгіп, бірталай қаражат жұмсап, мая-мая шөп жинайды. Ал, сол шөп төрт түліктің емес, өрттің алып құшағына еніп, жоқ болса, қандай күй кешер едіңіз?
Өкінішке орай, ауданымызда жиналған шөптің өртеніп кету оқиғалары алаңдатарлық жағдай туғызып отыр. Бүгінгі күні мұндай оқиғалар жетерлік. Ауласында жиналған шөптің өртенуінің салдарынан тұрғындар айтарлықтай шығын шегуде.
Тілсіз жау ешқашан айтып кел­мейді. Сондықтан одан әрқашанда сақта­нып, алдын алу жұмыстарын жүр­гізіп отыру керек.
Шөпті дайындау және жинау техникаларын ұшқын сөндіргішпен, алғаш­қы өрт сөндіру құралдармен жабдықталған техникамен қамта­масыз ету керек. Шөпті жинау аймағы жаңғыш қоқыстан тазартыл­ған, өрт қауіпсіздігіне арналған жер аудару жолағы жасалу қажет. Шөп жинау орындары электр желі­лерінен 15 метр қашықтықта орналасуы қажет және жолдарға дейінгі қашықтық 20 метрден кем бол­мауы керек. Шөпті көлікпен тасу кезінде жинау биіктігі 4,5 метрден аспауы қажет. Өрт астық жинау және шөп жинау науқаны кезінде трактор­лар­ға және жүк машиналарына жанар-жағар­майды құюда белгіленген ереже­лерді бұзу кезінде орын алуы мүмкін. Төгіліп қалған май, бензин, керосин және жеңіл тұтанатын сұйықтар үлкен қауіп тудырады. Дала шөбін жинау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап, өрттен абай болы­ңыздар. Өрт оқиғасы орын ала қалған жағдай­да тез арада 101 нөміріне хабар­ласыңыздар.
Т.Рысқұлов ауданы Төтенше жағ­дайлар бөлімі аудан тұрғындарын тұрмыс­тағы өрт қауіпсіздігін сақ­тауға баса назар аудару керектігі ту­ралы ескертеді. Осылайша өз өмір­ле­ріңіз бен мүліктеріңізді сақтап қала аласыздар.

Аудандық Төтенше
жағдайлар бөлімі.

Поделиться ссылкой: