Шетелден әкелінген автокөліктерді рәсімдеу тоқтатылды

137 Views

Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына сәйкес, шетелдік автомо­бильдерді пайдалануға тыйым салу мақсатында 2023 жылдың 1 шілдесінен 31 тамызға дейін облыс аумағында «Автомобиль» жедел-про­филактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Профилактикалық іс-шараның мақсаты, яғни 1-16 шілде аралығында:
– Автомобильдерді жа­рия ету нәтижелері тура­лы ақпарат бере оты­рып, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
– Автокөліктерді жария етуге үлгермеген және міндетті автосақтандыру полисінің қолда­нылу мерзімі өткен автокөлік иелеріне жария ету рәсімінен немесе уақытша есепке алудан өт­кенге дейін автомобильдерді пайдалана алмай­тындықтарын ескерту (бұл ретте олар автокөлік­пен көлік құралын арнайы автокөлікпен тексеру пунктіне бара алады, нөмірлік агрегаттарды салыстырып тексеру үшін ХҚО);
Ал екінші кезең, яғни 17 шілде мен 31 тамыз аралығында:
– Автокөліктерді шетелдік есепке ала оты­рып, олардың иелерінің бар-жоғын тексеруді ұйымдастыру;
– Заңды түрде берілген көлік құралын тіркеу куәлігі және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері;
– Көлік құралының техникалық байқаудан өту фактісін растайтын құжаты;
– Көлік құралы иесінің азаматтық — құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы;
– Автокөлік иелерінің қолдан жасалған тіркеу құжатын, қолдан жасалған не қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу белгісін пайдалану фактісі анықтал­ған кезде автомобильдерді арнайы тұраққа қоюға, материалдарды ҚК және ҚІЖК сәйкес процестік шешім қабылдау үшін анықтау органдарына беруге;
– Міндетті автосақтандыру полисін ресімдемей, автокөлікті пайдалану фактісі анықталған кезде кінәлі адамдарды ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту, қайта бұзылған жағдайда, ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материалды ресімдей отырып, ӘҚБтК-нің 798-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес автомобильдерді ұстау және оларды арнайы автотұрақтарға жеткізу;

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: