Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Наумова жуырда облыстық мәслихат депутаттары Нұрсұлтан Темірхан және Данияр Серікпен бірге ауданымызға арнайы іссапармен келіп, тұрғындармен пікірлесті. Депутат алдымен «Элай Құлан» мекемесінің жұмысымен танысты. Одан бөлек Динара Наумова «Ауыл аманаты» жобасына енген Абай ауылдық округіне де барды. Ауыл әкімі Мұратбек Арыстанбеков депутатқа қанатқақты жобаның игілін айтып, қазіргі таңда жергілікті тұрғындар 2,5 пайызбен несиені алып, жұмыстарды бастап кеткенін тілге тиек етті. Ауыл тұрғыны Талғат Дәуренбеков жобаның халыққа өте тиімді екенін жеткізіп, несиені қайтару төлемақысына, жеке кәсіпкердің табыс салығын төлеуі бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.
Содан соң халық қалаулысы аудандық мәдениет үйінің жанынан ашылған «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде Құлан ауылындағы көпбалалы аналармен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев та қатысты.
«Құлан таңы» ақпарат.