Өрт – тілсіз жау

219 Views

Өрттің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіретіні барлығымызға белгілі. Осыны ескерген аудандық Төтенше жағдайлар және №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» еріктілерімен бірлесіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрттің және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.
Қазіргі таңда ауданымызда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша шаруа қожалықтардың басшыларымен бірлесе отырып, бірқатар жұмыстар атқарылуда. Айта кетерлік жайт, өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторында орын алуда. Оның негізгі себебі тұрғындардың немқұрайлығының салдарынан орын алады. Дайындалатын тамақты қараусыз немесе бақылаусыз қалдыру, төсекте темекі шегу, тұрғын үйлердің аумағында күл-қоқыстың жануы, міне осының барлығы өртке себеп факторлар. Жүргізіліп жатқан үгіт-насихаттың мақсаты – тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға аудару. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жақын адамдардың өмірін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды сақтау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау қажет, атап айтқанда:
– Электр сымдарының жарамдылығын қадағалау және жарамсыз болған электр сымдарының учаскелерін уақытында ауыстыру;
– Тек зауытта дайындалған, қолдан жасалған сақтандырғыштарды пайдалануға қатаң тыйым салынады;
– Дайындалған асты пеш үстінде бақылаусыз қалдырмау;
– Балаларды қараусыз қалдырмау;
– Сөндірілмеген темекіні қоқыс жинағыш контейнерлеріне тастамау;
– Белгіленбеген жерлерде от жағуға болмайды;
– Тұратын аумақты және жақын маңдағы аумақты қоқыстан, құрғақ шөптен тазарту.
Өрт шыққан жағдайда «101», «112» шұғыл қызметтердің телефондарына дереу хабарлаңыз.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

Поделиться ссылкой: