Еленем десең, елге жақ

180 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов 7 жасар Елдос Қазиға арнайы тірек аппаратын табыстады.
Елдостың анасы Нұрғайша Қаржауова аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылып, баласына қол ұшын созуды сұрап қайырылған болатын. Ернар Серікәліұлы Елдостың анасының өтінішін ұмыт қалдырған жоқ. Өткен сенбіде аудан басшысы Елдостың үйіне арнайы барып, тірек аппаратты табыстап, баланың сауығып кетуіне тілектестігін жеткізді. Өз кезегінде Елдостың ата-анасы да ризашылықтарын білдіріп, аудан әкімінің еңбегіне табыс тіледі.
«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: