Жақсылық жаса, сыйла адамды тік тұрып!

259 Views

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы тамыз айының 1-і мен қыркүйек айының 30-ы күндері аралығында өткізіледі. Жыл сайын дәстүрге айналған аталмыш акция биыл «Жақсылық жаса!» ұранымен ұйымдастырылады.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша бала­лардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету.
Акцияны өткізу бойынша аудандық іс-шаралар жоспары әзірленіп, ұйым­дастыру комитеті құрылды. Акцияның маңыз­дылығын ескере отырып, кәсіп­орындар, бизнес өкілдерін барынша атсалысуға шақырамыз. Әлеуметтік көмек көрсету туралы сұрақтар болса, аудандық білім бөлімі мен мектеп басшыларына хабарласуға болады.
Акцияны өткізу барысында бала­лардың әлеуметтік жағдайларын ес­кере отырып, көмекті наразылық тудыр­майтындай, жеке-жеке көрсету қажет. (Балалардың суреті жарияланбауы тиіс). Білім бөлімінде 1 тамыздан 30 тамызға дейін ата-аналардың өтініштері бойынша «Жедел желі» жұмыс істейді.
Байланыс телефондары:
2-14-10, 8 708 715 73 81.

Поделиться ссылкой: