Алты айда 329 азаматтық іс қаралған

247 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының 2023 жылдың 6 айында атқарылған жұмысы қорытындыланды. Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы Айдарбек Замбаев 2023 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Диханбайдың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.
Сот төрағасы сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.
2023 жылдың 6 айында 25 тұлғаға қатысты 22 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде үкім шығару арқылы 24 тұлғаға қатысты 21 қылмыстық іс қаралған.
Есепті кезеңде 248 тұлғаға қатысты 248 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 207 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, 41-і қысқартылған. Оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы 17 іс қысқартылған.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 6 айында 329 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 201 іс бойынша шешім шығарылған, 39 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 39 азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 41 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде 36 азаматтық іс медиация тәртібімен, 1-еуі партисипатив тәртібімен, 4-еуі бітімгершілік тәртібімен қысқартылған, соттылығы бойынша 9 азаматтық іс жолданған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 23 мақала жарияланған, 3 «Дөңгелек үстел», 14 семинарлық сабақ өткізілген, 2 баспасөз конференциясы өткізілген.
Соңында төраға А.Замбаев тіл­шінің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: