Құлаққағыс
Теміржол – қауіпті аймақ. Адамдар осыны ескерсе екен дейміз. Теміржол өткелінде түрлі жағдайлар орын алып жатқанын өздеріңізде білесіздер. Ардақты ағайын, «Сақтықта қорлық жоқ». Барлығымыз үшін басты құндылық – адам өмірі екенін ескерейік. Теміржолдан өтудің де өз ережесі бар. Тиісті белгілер де қойылған. Бірақ оған құлақ асып жатқан ешкім жоқ. Әсіресе, теміржол өткелінен балалар мен көлік жүргізушілері бейберекетсіз өтпеулеріңізді сұраймыз. Әрбір тұрғын теміржолдың қауіпті аймақ екенін ескеріп, біздің сөзімізді елеп-ескерсе екен дейміз.
Нұрмахан Калиев,
Жамбыл жол дистанциясы Түрксіб станциясының №3 өндірістік учаскесінің бастығы.