Ауылдан шыққан АСЫЛДАР

651 Views

Ауылдан шыққан АСЫЛДАР

Өткен жұмада дәл осындай тақырыппен №1 мектеп-лицейінде елімізге белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қуандық Шолақ және Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері, журналист Сейсен Қожеке сынды жерлес ақын-жазушылармен кездесу болып өтті. Аталмыш мектеп ұжымының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері ұйымдастырған кездесу кеші аудан мерейтойына арналды. Алдымен келген қонақтардың шығармашылық жолы туралы қысқаша баяндама жасалса, кездесудің екінші бөлімінде әдебиетке жаны құштар Асқар Ғабдул, Нұрайым Мұратбек, Фариза Арнаева, Әсем Расылханова есімді оқушылар Қуандық Шолақ пен Сейсен Қожеке аталарының өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Содан соң, кездесу барысы сұрақ-жауап кезеңіне ауысып, оқушылар келген қонақтарға өздерінің сауалдарын қойды. Кеш соңында ақын Қуандық Шолақ мектеп ұжымына өзінің кітабына қолтаңба жазып табыс етіп, осындай естен кетпес рухты да әсерлі кездесу ұйымдастырғаны үшін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің ұстаздарына алғысын білдірді.

Марат ДИХАНБАЙ.

Поделиться ссылкой: