Партия төрағасы қайта сайланды

728 Views

Партия төрағасы қайта сайланды

Жуырда аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының ХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Асқар Қырықбаев төрағалық еткен конференцияға партия облыстық филиалы Саяси кеРеспубликасының ңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлдара Нұрымова, партияның Т.Рысқұлов аудандық филиалы Саяси кеңесі мен партияның аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бірқатар аудандық мекеме, кәсіпорын және құқық қорғау органдарының басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері, кәсіпкерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар, этно-мәдени және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысып отырды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты ел халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында атқарылған жұмыстардың барысы жөнінде филиал төрағасы Асқар Санатұлы баяндама жасады. Жарыссөзге жазылған делегат Жадыра Ақшалова партияның бағдарламалық құжаттары мен ішкі партиялық тәртіпті жандандыру мәселелері туралы өз ойын білдірсе, делегат, партия аудандық филиалы «Станция» бастауыш партия ұйымы төрайымының орынбасары Гүлсім Бектемісова бастауыш партия ұйымдарында атқарылған жұмыстарға және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттеріне тоқталды. Жарыссөзді жалғастырған конференция делегаты, «Жарлысу» бастауыш партия ұйымының төрағасы Дархан Бұламбаев партия жұмысын, бастауыш партия ұйымындағы ішкі партиялық тәртіпті нығайту және партия мүшелерінің белсенділігін арттыру мәселесін сөз етсе, партия аудандық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Ерболат Жәдік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы айтып өтті.

Келесі кезекте «Нұр Отан» партиясы» Қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.6 тармағына сәйкес «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық Саяси кеңесінің сандық құрамы белгіленіп, партия аудандық филиалының төрағасы болып аудан әкімі Асқар Қырықбаев бірауыздан қайта сайланды. Сондай-ақ, партия облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының бекіткен өкілдік нормасына сәйкес партия облыстық филиалының ХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясына 32 делегат сайланды. Конференция жұмысынан кейін партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің алғашқы отырысы өткізіліп, онда партия аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының сандық нормасы белгіленді.

М.СЕЙДАШЫМ.

Поделиться ссылкой: