Жолдауға қолдау

738 Views

ТЕМІРЖОЛШЫЛАРҒА ЖАҢА ЖОЛДАУ ТҮСІНДІРІЛДІ

 Жуырда аудандық мәдениет үйінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында теміржол саласы қызметкерлеріне арналған жиын өткізілді.

Жиынға «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ «Жамбыл бөлімшесі» МК экономика және қаржы филиалы директорының орынбасары Дәурен Құрманов, басқарма төрағасының орынбасары Айдын Оразханов, теміржолшылар кәсіподағы төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов қатысты. Олар Елбасы Жолдауындағы айтылған мәселелерді түсіндіре отырып, әсіресе, «халық табысының өсуі», «өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» сияқты бөлімдерге ерекше тоқталды. А.Оразханов өз сөзінде Елбасының « Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды. Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім ұялатады. Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз. Үкімет, әрбір мемлекеттік органның, мемлекеттік компанияның басшысы жұмыс тәсілдерін өзгертуі қажет. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс. Мен лауазымды тұлғаның жеке тиімділігін және қызметке лайықтылығын дәл осы өлшемге сәйкес бағалайтын боламын. Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты» деген сөздерін тілге тиек ете отырып, «Теміржол – еліміздің күре тамыры екендігін» тағы бір еске салды. Осылайша Елбасы Жолдауын сала қызметкерлеріне түсіндіріп, теміржолшылардың көкейкесті мәселелерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Салтанат ҚАРАСАЕВА.

Поделиться ссылкой: