Тағайындау

197 Views

Абдирахманов Қаблет Қанатұлы аудан әкімінің 2023 жылғы 31 шілдедегі №207-ө/жқ өкімімен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Абдирахманов Қаб­лет Қанатұлы ​1990 жылы 11 тамызда Жам­был облысы, Жаңа­тас қала­сын­да дү­ние­ге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жо­ғары. 2010 жылы Мемлекеттік кө­лік және ком­муни­кациялар колледжін Теміржол құрылысы, жол мен жол шаруашылығы және өндірістік құрылыс мамандығы бойынша бітірген.
​2014 жылы Халықаралық білім беру корпорациясының «Қазақ бас сәулет-құры­лыс академиясын» құрылыс мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын ​2011-2013 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі сәу­лет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің жетекші маманы болып баста­ған. 2013-2014 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі сәулет, қала құры­лысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, ​2014-2020 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі­нің сектор меңгерушісі болып қызмет етті. 2020-2021 жылдары Т.Рысқұлов аудан әкім­дігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы болды. 2021-2022 жылдары Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппа­ратының бас маманы, 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымын абыроймен атқарып келді.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.

Поделиться ссылкой: