Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
109 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
Қырықбаев Рүстем Қуанышбекұлы аудан әкімінің 2023 жылғы 31 шілдедегі №206-ө/жқ өкімімен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Қырықбаев Рүстем Қуанышбекұлы 1986 жылы 1 қыркүйекте Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын
2009 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің маманы («Жастар практикасы» бойынша) болып бастаған.
2010 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің келісімшарт негізінде маманы болды.
2011-2012 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің статист маманы болып еңбек етті. 2012-2020 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.