Сот актілерін орындаудағы көкейкесті мәселелер

155 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Сот әкімшісінің басшысы Г.Орымбекованың, сот қызметкерлері мен мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың қатысуымен сот актілерін орындауда туындайтын көкейкесті мәселелерді талқылау бойынша семинар өткізілді.
Сот әкімшісінің басшысы Г.Орымбекова сот актілерін орындау сот істеріндегі маңызды саты болып табылатынын және сот актілерінің орындалуына қатысты өзекті мәселелер сот органдарының үнемі бақылауында болатынын атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар сот актілерінің мемлекет пайдасына өндірілетін мемлекеттік баж бен сомалар бөлігіне байланысты тиісті түрде орындалмауында туындайтын проблемалық мәселелер, сондай-ақ, сот актілерін орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерге қолданатын шаралар талқыланды.
Соңында сот өкілдерімен сот актілерін тиісті түрде орындамау фактілерін анықтау мен жою бойынша шараны күшейту ұсынылды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: