халық үніне құлақ асатын мемлекет

132 Views

«Е-өтініш» − азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған ақпараттық жүйе. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында құрылған.
Мемлекеттік органдарға келіп түсетін барлық өтініштердің бірыңғай базасы қалыптасқан. Сонымен қатар, «Е-өтініш» жүйесі өтініш берушімен кері байланыс орнатуға және мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдардың жауаптары жүйелі талдаудан өткізіледі. Бұл жазылымнан бас тарту фактілерінің жолын кесуге ықпал етеді және нақты салаларда өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастырады.
Жеке немесе заңды тұлға өтініш беру үшін Google арқылы «Е-өтініш» теріп, E-otinish.kz сайтына өтеді. Әрі қарай өтініш беру батырмасын басу арқылы ЭЦҚ-кілтімен кез келген мемлекеттік мекемеге өз сауалын жібере алады. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 76-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтінішті, хабарды, ұсынысты, үн қатуды, сұрау салуды қарау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
Статистикалық мәліметтері бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық сотында 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 11 өтініштер түсіп, заңнамаға сәйкес уақтылы жауаптары берілген.

Г.Орымбекова,
аудандық сот
әкімшісінің басшысы.

Поделиться ссылкой: