Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
47 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданған Конституция еліміздің құқықтық жүйесіндегі ең жоғары әрі тура іс-әрекет жасайтын заң ретінде жүзеге асып келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» деген сөздермен басталады. Болашаққа бағыт беретін де, алдағы күнге сенім сыйлайтын да – осы заң.
Конституция – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ең үлкен жетістігіміз.
– Біріншіден, Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып танылды, яғни президенттік басқару жүйесі нақтыланды.
– Екіншіден, мемлекеттік биліктің үш буыны – заң шығарушы, атқарушы және сот билігі қалыптасты.
– Үшіншіден, көп партиялық негіздегі саяси жүйе қалыптасты, қос палаталы Парламент дүниеге келді.
– Төртіншіден, Конституцияға жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бөлімінің енгізілуі де халықаралық үрдістерге сай келеді.
– Бесіншіден, сот жүйесін қалыптастырудың айқын ережелері белгіленді.
Конституцияның 1-бабында «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп атап көрсетілген. Азаматтар тұңғыш рет өздерінің бас бостандықтарын, қоғамдағы рөлін еркін сезіне білді. Конституцияның екінші бөлімі «Адам және азамат» деп аталатын отыз баптан тұрады. Бұл бөлімде барлық адамдардың заң алдында бірдей құқыққа ие болуы белгіленген.
Конституцияның 14-бабында заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең екені атап көрсетілген.
Қазір халықтың құқықтық сауаты артқан. Бұрынғыдай жәбір көрген жандар бұғып қалмайды, жұрт өз мүддесін қорғай алады.
Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Ата Заңымызды қадір тұту – Қазақстан мемлекетінде тұратын әрбір азаматтың борышы деп білемін.
Ж.Құлатаева, аудандық сот
әкімшісінің бас маманы.