Жаңа платформадағы тапсырмаларды сабақта қолдану тиімді
Бүгінгі таңда елімізде техникалық білімге бетбұрыс артып, аталмыш бағытта гранттар да көптеп бөліне бастады. Осыған орай «Жамбыл-Өрлеу» кәсіби дамыту институты аудандарда математика пәні бойынша көшпелі оқулар курсын өткізуде. Ондағы басты мақсат – мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру әрі еңбектен қол үздірмей, курс оқыту.
Курс барысында математика пән мұғалімдері Kahot, galan, padlet, wizer.me, jamboart, canva, flippitu.net платформаларымен тапсырмалар орындады. Курсқа қатысушы ұстаздар күнделікті сабақты өтіп болғаннан соң, сол тапсырмалар бойынша топтық, жұптық, жеке тапсырмалар орындап, соңынан оны қорғауда белсенділік танытты. Меңгерген тапсырмаларды бірден жоғарыдағы платформаларда орналастырып, пән мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісуде де құлшынысы өте жоғары екендігін аңғартты. Тыңдаушылар мұндай платформаларымен осы курста алғаш рет танысып отырғандықтан, үлкен жаңалық ретінде қабылдады. Курстан соң осы платформаларымен сабақ өткізудің тиімділігі туралы ойларымен де бөлісті. Ардагер ұстаздар бұл курстың әсіресе жас мамандар үшін өте тиімді болғанын алға тартты. Тыңдаушылар тарапынан тағы да дәл осындай форматтағы курстар болса екен деген сұранысы ұстаздардың жаңашылдыққа құштарлықтарының жоғары екендігін байқатты. Қатысушы педагогтер өте керемет курс болғанын айтып, пәнді оқытудың жаңа бағыты мен тың әдістемелерін үйренгенін, одан керемет әсер алғандарын жеткізді.
Біз алдағы уақытта ұстаздардың ұсынысын ескере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда септігін тигізетін дәл осындай платформаларымен жұмыс істеуді үйрету үшін Жамбыл облысы бойынша тағы да семинар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.
Парида Каркабаева,
«Жамбыл-Өрлеу» кәсіби дамыту институтының тренері.