170 Views
Адам өмірінің мәні мен сәні – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі. Қазақта «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» деген сөз бар.Тамыз айының 1-і мен қыркүйек айының 30-ы аралығында ел аумағында ұйымдастырылып жатқан дәстүрлі «Мектепке жол» акциясының мақсаты да – осы. Яғни, көпбалалы әрі тұрмыс жағдайына байланысты әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көмек қолын созу.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Луговой ауылында орналасқан 42062 әскери бөлімінің командирі, подполковник Ғалымжан Досанов, штаб бастығы, майор Берікхан Ербалин, сондай-ақ, осы әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Ерсін Файзов жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі акцияға қолдау білдірді. Олар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына өздерінің қолдауларын көрсетіп, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға ұдайы көңіл бөліп отырады. Жақында кезекті бір отбасы мүшесінің балаларына аталған азаматтар тарапынан мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйға тарту етілді. Осы акцияға әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі штаттан тыс нұсқаушысы Жұлдыз Мырзабекова, отбасымен жұмысты ұйымдастыру және мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру секторларының нұсқаушылары Эльнура Ербалина мен Айкөркем Сагидуллина да зор үлестерін қосты.
Мектепке қажетті құрал-жабдықтарды қабыл алған балалардың жүздерінен қуаныштың лебі сезіліп тұрды. Олардың ата-аналары да ризашылықтарын білдіріп, «Қорғаушы, жанашыр әскери қызметшілеріміз әрқашанда биік белестерден көріне берсін» деген ізгі тілектерін білдірді.
Жұлдыз Мырзабекова,
42062 әскери бөлімінің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаушысы.
Поделиться ссылкой: