«А» вирусты гепатит туралы нені білуіміз қажет?

193 Views

«А» вирусты гепатит – бауырды зақымдайтын, сарғаю мен жалпы улану белгілерімен қатар жүретін, жедел басталатын жұқпалы ауру.
– Жұқпа көзі – науқас адам. Өзінің зәрімен бөлінділері арқылы қоршаған ортаға миллиардтаған вирус бөледі.
– Зақымдану вирус бөліктерінің лас қол, тағамдық заттар мен су арқылы асқазан ішек жолдарына түсуінен басталады. Негізгі берілу жолдары:
– Тағам арқылы – науқас адамның жеке бас гигиена талаптарын сақтамай жасаған тағам өнімдері, дұрыс термиялық өңделмеген тағам, ласталған қолмен залалданған тағам арқылы жүзеге асады.
– Тұрмыстық жанасу арқылы лас қол немесе қоршаған орта заттары арқылы жүзеге асады. Жұқпаның берілу факторлары болып есіктің ұстағыштары, санитарлық-техникалық құралдардың крандары мен ұста­ғыш­тары, баспалдақтың тіреулері болуы мүм­кін.
– Су арқылы вирустарымен залал­данған суды ішу, тағам дайындау кезінде пайдалану мен тағам өнімдерін жуу кезінде жүзеге асады.
Аурудың белгілері: вируспен залалдану мен ауру белгілерінің пайда болуы аралығы 4-50 күн аралығында, науқастың тәбеті бұзылып, оң жақ қабырға астында ауру сезімі, жүрек айну, құсу пайда болады. Көп жағдайда ауру тұмау тәрізді басталады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, мұрынынан су ағу, жөтел, денедегі ауру сезімі болады. Соңғы 7-10 күндері науқастардың зәрі мен бөлінділері арқылы вирустар сыртқы ортаға шығады. Яғни, науқас осы кезеңде қоршаған ортадағы тұлғалар үшін өте қауіпті болады.
Алдын алу шаралары :
• Белгісіз су көздерінен суды пай­даланбау, лас су қоймаларында шомылмау, сонымен бірге кәріз сулары келіп ағатын суларда, тығыз қоныстанған жағажайлардан шомылудан бас тарту;
• Гигиеналық ережелерді міндетті түрде сақтау, дәретханадан кейін, тамақ ішер алдында қолды мұқият сабынмен жуу:
• Өз үйіңізді, аулаңызды, пәтеріңізді таза ұстау;
• Жеке бас гигиена заттары әр адамда жеке болу қажет. Оларды бөтен адамға пайдалануға беруге болмайды;
• Көкөніс, жеміс-жидектерді міндетті түрде қолданар алдында ағынды суда мұқият жуу;
Жалпы алдын алу шаралары басқа «А»вирусты гепатитіне қарсы арнайы алдын алу шаралары да белгілі. Ол – иммундау. Екі рет жасалатын екпе адамды қорғайды. Екпе жұмыстары Қазақстан Республикасының алдын алу екпелерінің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Қауіп-қатер тобындағы балаларды осы ауруға қарсы егу – өте маңызді іс.
Деніңіз сау болсын!

Поделиться ссылкой: