Менингоккок – жұқпалы ауру

198 Views

Менингоккокты жұқпа әртүрлі ауру белгілерімен ерекшеленетін – жұқ­палы ауру. Ағымы бактерия тасымалдаушылық, мұрын-жұт­қын­шақ­тың қабынуы (назофарингит) менингит, менингоэнцефалит, сепсис пневмония және басқа клиникалық түрлерде өтуі мүмкін.
Жұқпа – сөйлесу, түшкіру, жөтелу және айқайлау кезінде ауа арқылы жан-жаққа таралады. Аурудың 80 пайыз жағдайы балалар мен жасөспірімдер арасында кездеседі, олардың 50 пайызы 1-5 жас аралығындағы балалар үлесіне тиеді.
Жұқпаның ерекшелігі: Ауру­ды жұқтырғандардың көбісі ауру­ды еш ауырмай тасиды және тасы­мал­дау­шы­лар­дың көпшілігі ере­сектер. Яғни, сау ересек тасымалдаушы (ата-ана, әже, ата, күтуші және т.б) ба­ла­ға ауа мен жұқ­тырып, оның ауырып науқастануына әкеледі. Жұқпа тасы­малдаушылық еш сырт бел­гісіз өтеді. Менингит кенеттен пай­да болады. Әдетте дене қызуының жо­ға­ры­лауы, бас ауру сезімі мен құсу пайда болады. Дене қы­зуы өте күшті қалтыраумен бірге шап­шаң көтеріліп, бірнеше сағат ішінде 40-42 градусқа жетуі мүмкін. Менин­гит кезінде бас ауруын сезіну әсері күшті, азапты болады. Әсіресе, түн­де қатты болады және қалпын ауыс­тырғанда, өткір дыбысқа, жарыққа кү­шейеді. Менингит кезінде құсу жү­рек айнусыз кенеттен басталады. Тері сезімталдығының күшеюі, ды­быстар, жа­рыққа және иістерге төзгісіздік кез­деседі. Науқастардың көбісінде ауру­дың алғашқы сағаттарында бұлшық еттер­дің құрысып, тырысуы пайда бола­ды. Алғашқы күндері науқастың беті, мойыны, көзі қызарып, ерніне, мұрын қанаттарына, ауыз ішіне ұшық шығады.
Аурудың алдын алу үшін не істеу керек?
– Жоғарғы тыныс жолдары мен көмекей бездерінің ауруына (ОРВИ, ангина, тұмаурату) шалдыққанда дер кезінде емделу керек. Себебі, жұқпа осы ауруларға ұқсап өтуі мүмкін және осы ауруларға шалдыққанда бетперде киіп сөйлесу, жөтелу, түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды бет орамалмен жауып отыру, жеке бөлек ыдыс-аяқ арнау;
– Кез келген белгілері бар науқасты оқшаулау қажет және мүмкіндігінше жеке бөлме бөлу керек. Бөлмені ылғалды тазалау керек. Тікелей күн сәулесі менингоккоктарды 2-8 сағат ішінде жояды, барлық дезинфектанттарға өте сезімтал;
– Кішкентай балаларды қарау үшін бала күтуші кісілерді жұмысқа алғанда ата-аналар таңдап алған бағушының денінің саулығына көз жеткізу абзал;
– Ауру ошақтарында қарым-қатынаста болған кісілерге алдын алу мақсатында эритромицин ішкізеді;
– Сауд Арабиясына қажылық жасау мақсатымен кетіп бара жатқан адамдарға осы жұқпаға қарсы екпе жүргізіледі.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу қажет.

А. Бейсебаева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының
жетекші маманы.

Поделиться ссылкой: