Көкжөтел дегеніміз не?
43 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру – әр жұмыс берушінің міндеті. Компанияда бір жұмыскер істесе де, оны сақтандыру қажет.
Жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру 2005 жылдан бері қолданылады. Заң бойынша әр кәсіпкер сақтандыру компаниясымен жұмыскерлердің алдындағы жауапкершілік туралы шартқа отыруға тиіс. Қызметкерлер жұмыс барысында зақым алса, мысалы, жарақат алса, денсаулығы кенеттен нашарласа, уланса, мүгедек болса, ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыс жағдайларына байланысты кәсіби сырқатқа ұшыраса немесе қайтыс болса, сақтандыру компаниясы олардың шығындарын төлейді.
Сақтандыру шарты 12 айға жасалады. Оның мерзімін жыл сайын созып отыру керек. Сақтандыру шартын тек лицензиясы бар сақтандыру компанияларымен ғана жасауға болады.
Заң орындалмаған және оны орындаудан жалтарған жағдайда басшыларды айыппұл санкциялары күтіп тұр (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 230-бабының 2-тармағы негізінде):
– Жеке тұлғалар 10 АЕК;
– Лауазымды тұлғалар, жекеше
нотариустар мен сот орындаушылар 60 АЕК;
– Орта жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК;
– Ірі жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК;
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.