Құмарық ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер Б.Ш. Мансурдың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы
Өмірбаяны
Мансур Болат Шәкіртұлы 1977 жылы 28 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1984-1994 жылдар аралығындаТұрар Рысқұлов ауданы, Луговой ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебін бітірген.
1995-2000 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығын бітіріп, 2001-2003 жылдары «Тараз институты» физика және инфарматика пәндері мұғалімі бойынша жоғары білім алады.
2001-2019 жылдар аралығында Құмарық ауылындағы Болтай батыр атындағы орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болды, 2019 жылдан бері Құмарық ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеуде.
Сайлауалды бағдарламасы
Мен, Болат Шәкіртұлы Мансур Құмарық ауылдық округі әкімінің лауазымына өткен жағдайда, осы кезеңге дейінгі алған білімімді және өмірден жинақтаған іс-тәжірибемді округ тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін және шаруашылық құрылымдарының экономикалық нығаюына жұмсаймын.
Ауылдық округтің әлеуметтік экономикалық және көкейтесті мәселелерін шешу мақсатында аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау, жұмыссыздық деңгейін азайту, тұрғындардың күнделікті тұрмыстық жағдайларын жақсарту, сәтсіз отбасыларының болмауын, ауыл шаруашылық құрылымдарының санын көбейту бағытында жұмыстар атқарамын.
Шағын және орта бизнестің дамуына, шаруа қожалықтарының толыққанды жұмыс істеуіне, оларға субсидия және несиеге қол жеткізу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіземін. Ауылдың қабілетті жастарына қолдау көрсете отырып, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына жағдай жасап, мәдени шараларды уақтылы, ұлттық салт-дәстүрге сай, жаңа технологиялық үрдісте өтілуін жүйелі жоспарға енгіземін.
Округ әкімі болып сайлансам, осы жұмыстарды атқаруға және Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың саясатын жергілікті жерде іске асыруға, ауыл тұрғындарының мұң-мұқтаждарын қорғап, сіздердің үлкен сенімдеріңізге ие бола отырып, бар күш-жігерімді саламын.
Егерде мен Құмарық ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланатын болсам, төмендегі нақты жұмыстарды атқаруға ықпал ететін боламын:
• Алғабас ауылына балалар ойын алаңының соғылуына ықпал жасаймын;
• Алғабас ауылының Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткіштерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуіне ықпал ететін боламын;
• Қаракемер ауылына жаңа кіші футбол алаңын жасауға;
• Округта денешынықтыру-сауықтыру кешенінің салынуына;
• 2024 — 2027 жылдар аралығында ауылдардың ішкі жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге;
• Ауыл шаруашылық құрылымдарының санын көбейту мақсатында халықпен бірлесіп жұмыстар жүргізуге;
• Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіне;
• Ауылдағы жастарды жұмыспен қамту және қамтамасыз ету, олардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы және оның әлеуетін дамыту үшін қолдау көрсетуге;
• Құмарық ауылдық округінің жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саласын жаңғыртуға, сондай-ақ, қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Ауыл –ел бесігі» жобасы аясында іске асыруға БАР КҮШІМДІ САЛАМЫН.