Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
«Статистика органдары жан-жақты және нақты ақпаратты қалыптастыра отырып, реформалар барысын талдау, тиімді саяси шешімдер қабылдау негізінің негізін құрады»
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.
Еліміздің барлық даму кезеңдерінде Қазақстанның мемлекеттік статистика органдары қызметкерлері мемлекетімізді дамытудағы көптеген маңызды міндеттерді табысты шешуге үлкен үлестерін қосты.
Статистика – бұл мемлекетте болып жатқан жаппай әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды, адами қоғамның дамуындағы сапа мен сандық өзгерістерді зерделеп, қорытындылайтын қоғамдық ғылым. Статистикалық өңдеулер мен жаппай қоғамдық құбылыстар қорытындыларының арқасында өтіп жатқан процестердің орны мен уақытының нақты жағдайында олардың дамуының заңдылығы мен үрдістері анықталады. Мемлекеттің басты функцияларының бірі – экономиканы басқаруды жүзеге асыру қажеттілігіне байланысты ежелгі заманнан бастап қоғам мен мемлекет өміріндегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер жағдайы туралы бастапқы статистикалық деректерді ұдайы алып отыру. Мемлекетті ғылыми негізделген және нақты статистикалық ақпаратсыз басқару мүмкін емес.
Бүгінгі таңда статистика саласы жалпы ұлттық санақ жүргізуге дайындалуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдеріне» сәйкес Ұлттық санақ 10 жыл да бір рет жүргізіліп отырады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңына сәйкес 2019 жылы кезекті Ұлттық санақ жүргізіледі. Ауданымызда да дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүруде.
Қазіргі уақытта “Электронды үкімет” парталы дамуда. Соған қарай, статистика басқармасында да барлық статистикалық нысандар терминалмен онлайн электронды жүйесіне енгізілуде. Сол себепті, аудан кәсіпорындары мен мекемелері, шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер аудандық Әділет басқармасынан электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ), алып терминал арқылы немесе өз мекемелерінен онлайн жүйесі арқылы статистикалық есебін енгізе алады.
Аудандық Статистика басқамасында Құлманов Ербол Амангелдіұлы бастаған 5 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды. Мұнда әр қызметкердің өзіне жүктелген әр-түрлі есеп жұмыстары бар. Олар ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, еңбек, құрылыс, қоршаған орта, сауда және баға, әлеуметтік-демография сынды есеп жұмыстарын атқарып, үй шаруашылықтары, ауыл шаруашылықтары туралы зерттеу сауалнамасын жүргізеді. Осы салалар бойынша Бақытхан Тойбеков, Бақытжан Пірімқұлов, Жадыра Бұланбаева, Сандуғаш Өкенова, Юлия Сакаева сынды білікті мамандар жұмыс атқаруда.
Нұршат ЕРСАЙЫН.