БҰЛАНБАЕВ БАСҚАРАТЫН БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

514 Views

БҰЛАНБАЕВ БАСҚАРАТЫН БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау бастауыш партия ұйымдарының белсенділігін арттыру және олардың жұмысын жандандыру, үздік бастауыш партия ұйымдарының жұмыс тәжірибесін аймақтарға тарату мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Байқаудың облыстық екінші кезеңіне 31 бастауыш партия ұйымдары қатысып, бақтарын сынаған болатын. Конкурс жеңімпаздарын комиссия мүшелері партиялық жобаларды іске асыруға қатысу, ішкіпартиялық жұмыс, мәслихаттардағы партияның фракция мүшелерінің жұмыстары, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, бастауыш партия қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, жастармен жұмыс, бастауыш партия ұйымдары жетекшісін бағалау критерийлері бойынша анықтаған екен. Үш санатта бақ сынаған бастауыш партия ұйымдарының арасында бірінші санат бойынша аудан намысын қорғаған «Жарлысу» бастауыш партия ұйымы да бар еді. Нәтижесінде, Дархан Бұланбаев төрағалық ететін жүзге дейінгі партия мүшесі бар «Жарлысу» бастауыш партия ұйымы облыстық кезеңнен бірінші орын алып, «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауына жолдама алды.

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов құттықтау сөз сөйлеп ашқан салтанатты жиынға «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының хатшысы Қаныбек Жұмашев қатысып, жүлделі орын алған бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерін марапаттады.

Мереке СЕЙДАШЫМ.

Поделиться ссылкой: