85 азамат жұмысқа жолданды
Өткен жұмада Құлан ауылындағы «Достық үйінде» Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі және Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Т.Рысқұлов аудандық Мансап орталығы филиалының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 23 жұмыс берушіден 198 тұрақты жұмыс, құрылыс жұмыстарына 35 орын түсті.
Нәтижесінде жалпы 85 азамат жұмысқа жолданды. Ұлттық жобалар аясында құрылыс жұмыстарына 10 азамат жолданып, жұмыспен қамтылды.
«Құлан таңы» ақпарат.