ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
20 ViewsҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ! Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз? Ол…
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 20 қазан күні киелі Құлан өңірінде өткізілетін «Мәдениет – асыл қазынам!» атты Тұрар Рысқұлов ауданының мәдениет күнін тамашалауға шақырамыз.
Ауданымыздың 85 жылдығы аясында ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар бағдарламасы төмендегідей:
Сағат 9:00-де аудан орталығында орналасқан тұғыры биік таутұлға, қазақ халқының біртуар перзенті Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі;
Сағат 10:00-де Абсенттей әйгілі сәйгүлікпен аты төрткүл дүниеге тараған Көгершін ауылындағы жаңадан салынған 90 орындық ауылдық клубтың ашылу салтанаты өтеді.
Сондай-ақ, орталық стадионда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, спорттық ойындар жарысы, салт-дәстүр бейнеленген этно ауыл көрінісі мен әртүрлі тақырыптық көрмелер, «Батырлар жерін қорғаған, Абыздарын халық қолдаған» композициялық театрландырылған көрініс және республикаға танымал қазақстандық эстрада жұлдызы, жерлесіміз, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Досымжан Таңатаров, жастар арасында танымалдылыққа ие болған «Астана» тобы, әнші әрі сазгер Руслан Мамытов сіздер үшін ән салады. Атақты эстрада әншілерімен қатар аудан өнерпаздарының қатысуымен өтетін «Мәдениет – асыл қазынам!» атты гала концертке шақырамыз.
Келіңіздер! КӨРІҢІЗДЕР!