23 маусым – Қазақстан полициясы күні
50 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді. Елдіктің даму үдерісіне елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қана қоймай, сонымен бірге, оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, онымен күресу – баршамыздың ортақ парызымыз.
А.Замбаев,
аудандық соттың төрағасы.